Қазақстанда бензин мен кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды
Бүгіннен бастап Қазақстанда бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін елден шығаруға тыйым салынды. Тіпті, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға рұқсат жоқ.
Энергетика министрлігі ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмас үшін осындай шаралар қабылдаған.
Ескеретін жайт, гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілетін мұнай өніміне шектеу жоқ. Сондай-ақ, майлау материалдарын шығаруға, көлік багіндегі отын экспортына, ғылыми зерттеулер мен қоспаларды сынауға арналған авиациялық отынды шығаруға рұқсат берілді.
Фото: altyalash.kz