Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркия Росатом салып жатқан АЭС-ті биыл іске қоспақ

Түркия Росатом салып жатқан АЭС-ті биыл іске қоспақ

Түркия билігі 2025 жылы «Аккую» АЭС-ның бірінші реакторын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты елдің энергетика министрі Алпарслан Байрактар растады.

«Біз биыл бірінші реакторды іске қосамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Тестілік режимде болса да электр энергиясын осы жылы өндіруді бастауға ниеттіміз. Алғашқы реакторда электр энергиясының өндірілуі өте маңызды. Бұл Түркия үшін тарихи сәт болатынына сенімдімін», – деді Түркия министрі.

«Аккую» – Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. Оның құрылысын Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы жүргізіп жатыр.


Дереккөз: inbusiness.kz