«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы ауысты

Бұл туралы қордың Instagram-дағы парақшасы хабарлады.
Қамқоршылық кеңестің шешімімен 1 ақпаннан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына Ләззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін қор төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қоғамдық қорды үш жыл басқарған Болат Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті.
Сондай-ақ қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Фото: qazaqstan.tv