Биыл отандық теледидар нарыққа шығады

Алғашқы қазақстандық Samsung теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында дүкендерге түседі.
Мұндай келісімге Samsung Electronics Орталық Азиядағы президенті Юджин Джонг пен Silk Road Electronics зауытының директоры Александр Критский қол қойды.
Айта кетейік, зауыт Қарағанды облысындағы Саран қаласында орналасқан және тұрмыстық техниканы тек Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де жеткізуді жоспарлап отыр.