Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді елімізге келетін шетел азаматтарына QR код беріледі

Енді елімізге келетін шетел азаматтарына QR код беріледі

Қазақстанда келетін шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамту мақсатында жаңа платформа іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

- Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтарға қолайлы жағдай жасаулың стратегиялық маңызын атады. Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көп тілді QR коды бар арнайы карта беріледі, - деп түсіндірілген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, шетелдік қонақ QR кодтың көмегімен порталға (safetravel.kz) өтеді, ол жерде қауіпсіз жүріп-тұруға қатысты барлық ақпарат, ұсыным мен пайдалы мобильді қосымшалар қолжетімді.

- QR коды бар алғашқы карталар елорданың әуежайында шетелдік қонақтарға табыстала бастады, - дейді министрліктен.

Safetravel.kz порталында шетелден келетін азаматтарға ұсынылады:

     - полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы да бар;
     - көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
     - танымал қосымшаларға сілтеме жасалған қала картасы;
     - ресми такси мен онлайн қызметтердің тізімі;
     - байланыс операторларының тізімі және олардың ресми сайттарына сілтеме;
     - әр түрлі жағдайда әрекет ету алгоритмдері;
     - басқа шұғыл қызмет байланыстары, оның ішінде жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, бірыңғай құтқару қызметі.


Фото: kaz.inform.kz