Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперация орталығын құрады

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперация орталығын құрады

Мәжіліс екі ел арасындағы қызметті реттейтін құжатты ратификациялады.  Орталық өнеркәсіптік кооперация, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешені ретінде жұмыс істейтін болады.  

Нысан 500 шаршы метр аумақты алатын, өз мемлекетінің құзырында болатын қазақстандық және өзбекстандық бөліктерден тұратын болады. Қазақстандық бөлігін басқару Сауда және интеграция министрлігіне, ал өзбек бөлігі Өзбекстан Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігіне жүктелді.

Нысанның орналасқан жері «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттері маңындағы елдердің шекаралас аймақтары болып анықталды.


Фото: atamekenbusiness.kz