Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге айыппұл салынады

5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге айыппұл салынады

Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Ал құқық бұзғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

Мопедті басқару үшін азаматтарда А1 санатты жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл көлік құралын А немесе В санатындағы куәліктермен де тізгіндеуге болады.

Айта кететіні, мопедті тіркеу үшін жеке куәлік, көлік құралының техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы мәлімет болуы тиіс. Сондай-ақ азаматтар мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.


Фото: tengri.kz