Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам нәресте дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам нәресте дүниеге келді

Президент 2021 жылы бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» бағдарламасы нәтижесінде елде төрт жылда 10000-нан астам сәби дүниеге келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Экомед» клиникасы мен халықаралық «New Generation Clinic» (NGC) орталығының директоры Марат Отарбаев мәлімдеді.

Эмбриологтың айтуынша, қазір елде ЭКО жасайтын 30 клиника бар. Оның басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысады.

– 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Кейінгі төрт жыл ішінде, яғни, осы бағдарлама басталғаннан бері республика бойынша 10 мыңнан астам сәби жатырдан тыс ұрықтандыру арқылы дүниеге келді,– дейді ол.

Репродуктолог Айгерім Ахметованың айтуынша, Алматыда 240-тан астам әйел ЭКО процедурасы арқасында ана атанды.

– Соңғы төрт жылда «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында 28 мың ЭКО шарасы жасалып, соның арқасында 10 мыңнан астам бала дүниеге келді. Алматыда бұл бағдарлама 562 әйелді қамтыса, оның 246-сы ана атанды, – деді репродуктолог.

Спикерлердің сөзінше, Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың 16-17%-ы бала көтеруде қиындықтарға тап болады.

– Қазір скрининг бағдарламасын енгізу керек. Өйткені, жастар арасында ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы жоқ. Жас қыз- жігіттер өздерінің репродуктивтік потенциалын білмейді. Мәселен, ата-ана атанғысы келетін жұптар түрлі дәрігерлерге, халық емшілеріне барып, ешқандай нәтижие шықпағанан кейін ЭКО технологиясына жүгінеді. Осы уақыт ішінде олар біраз уақытты жоғалтады. Экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасының өзіндік талаптары болады,–деп атап өтті Марат Отарбаев.


Фото: inform.kz