Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

«Қазақмыс» балансындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы хабарлады.

«Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, сондықтан мемлекет меншігінде болуы тиіс. Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді», - делінген ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды.

Құқық қорғау органдары енді объектілерді жаңғырту жөнінде одан әрі шара қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.

Кеңгір - Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Объект 1952 жылы салынған.


Фото: inbusiness.kz