Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

ҚР Ұлттық музейінде «Ер есімі – ел есінде» және «Жеңіс - ұрпаққа аманат» жалпыреспубликалық акциялары аясында «Батырлар – ұрпақ аманаты» атты көрменің ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме Кеңес Одағы Батырларының мерейтойына арналады. Атап айтсақ, биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Жамбыл тарихи-өлкетану музейі, Әлия Молдағұлова мемориалдық музейі және Мәлік Ғабдуллин музейі қорларынан алынған заттар қойылған.

Экспозицияда Кеңес Одағы Батырларының наградалары, хаттары мен жеке заттары бар. М.Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының А. Молдағұловаға берген грамотасы, Б. Момышұлының әскери стратегиялық картасы және басқа да бірегей заттар қойылған.

Сонымен қатар, көрмеге Астана қаласы «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің материалдары қойылды.