Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда

2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған.

Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр.

Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар.

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.



Фото: zakon.kz