Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл Түркістан облысында 32 мектеп салынады

Биыл Түркістан облысында 32 мектеп салынады

Биыл Түркістан облысында 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.


Облыс әкімінің баяндамасынан:

  • Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;
  • Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр;
  • мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;
  • жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;
  • Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;
  • биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;
  • медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;
  • 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.