ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін арттырады

ОПЕК+-ке мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға келісті. Бұл туралы «Bloomberg» агенттігі хабарлады.
Сәуірден бастап олар мұнай өндіруге қойылған шектеуді біртіндеп бәсеңдете бастайды. ОПЕК+ тарапынан мұндай шара 2022 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр. Бұған дейін мұнай бағасын нығайту үшін шикізат өндіру көлемі ұлғайтылмаған еді. Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сай, әлемдік мұнай нарығында биыл ұсыныс артпақ.
«Reuters» агенттігінің мәліметінше, ОПЕК+-тің бірнеше елі мұнай өндіруді күніне 138 мың баррельге жеткізбек. Бұл жаңалықтан соң шикізат бағасы төмендей бастады. Мысалы, «Брент» маркалы мұнайдың бір баррелі 71 долларға саудаланып жатыр.
Фото: egemen.kz