Елімізде онлайн саудаға сұраныс 5 есе артқан

Ел ішінде соңғы 5 жылда электрондық сауда бес есеге өскен. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.
Айтуынша, былтыр отандық маркетплейстер бюджетке 150 млрд теңге, ал халықаралық маркетплейстер 35 млрд теңгеден астам «Google салығын» төлеген.
Ведомство өкілі интернет арқылы тауар сатып алғандардан көп шағым түсетінін де жасырмады. Қазір министрлік осы мақсатта заңнаманы жетілдіруді қолға алған.
Фото: egemen.kz