Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

LRT желісінің барлық 18 станциясындағы құрылыс биыл аяқталады

LRT желісінің барлық 18 станциясындағы құрылыс биыл аяқталады

LRT желісінің барлық 18 станциясындағы құрылыс биыл аяқталады. Ал III тоқсанда сынақ жұмысы басталады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Биыл III тоқсанда сынақ жұмысын бастау үшін барлық 18 станцияда жұмыс аяқталады. LRT құрамының 19 бірлігіне тапсырыс берілді. Станциялардың негізгі темірбетон конструкция құрылысы 100% аяқталды. №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада учаскесінде рельс жолының алғашқы 500 метрі төселді», - деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ жыл соңына дейін жолдың жоғарғы бөлігінің құрылысын толықтай аяқтау, оның ішінде рельстерді төсеу, дабыл және байланыс жүйесін баптау, станцияларды ішкі және сыртқы әрлеу, құрамдарды жеткізумен депо салу жоспарланып отыр.

Ал LRT бойындағы маршрут кезең-кезеңімен абаттандырылады.