«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

14-26 наурыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі қала жастары жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алуға өтініш бере алады.
Өтінішті қабылдау ресми сайт арқылы жүргізіледі, авторизация үшін электрондық цифрлық қолтаңба талап етіледі.
Несиелендіру шарттары:
- Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
- Бағдарлама бойынша 2 550 адам қамтылады, оның ішінде 1 050 «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушысы.
Фото: qaz365.kz