Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғалымдар отқа жанбайтын, радиацияға тозбайтын, аязға қатпайтын кабельдер ойлап тапты

Ғалымдар отқа жанбайтын, радиацияға тозбайтын, аязға қатпайтын кабельдер ойлап тапты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан отқа жанбайтын кабельді таныстырды.

— «Қазэлектромаш» деген үлкен зауытымыз бар, өндірістік компания. Олар құрылысқа, өндірістік компанияларға, теміржолға, әуежайға қажетті мынандай кабельдер шығарады. Бізде Алматыдағы ядролық институт, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық, Еуразия университетіндегі орталық сияқты бірнеше қызық зертхана бар. Еуразия университетіндегі үлкен қондырғы арқылы осы кабельдің физикалық қасиетін өзгертуге мүмкіндік алдық, — деді ол.

«Қазэлектромаштың» тапсырысымен қолға алған жобаның өнімін Өзбекстан бірінші болып сатып алған.


Фото: Kazinform