Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Активтерді қайтару: Астанада 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады

Активтерді қайтару: Астанада 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынады

Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.  

Ескі стадион 1936 жылы салынған. Ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бұзылған. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталуы тиіс.

Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне беру көзделген.

Арнаулы мемлекеттік қордан өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.