ЕҰУ білім беру бағдарламалары QS әлемдік рейтингінің ТОП-200 қатарына енді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру бағдарламалары 2025 жылдың 12 наурызында жарияланған QS World University Rankings әлемдік білім беру пәні рейтингінің үздік ТОП 200 қатарына енді, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз қызметі.
Үздік пәндер қатарында: «Қонақжайлылық және демалысты басқару» – топ 101-150, «Археология» – үздік 101-150, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 101-150, «Лингвистика» – 101-150, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» – 153 орын, «Тарих» – 201-250 топ.
Сондай-ақ әлемдегі үздік үш жүздікте «Инженерия және технологиялар» пәндері – 292-орын және «Саясат және халықаралық зерттеулер» – 250-300.
Биыл 5203 ЖОО-ға талдау жасалып, оның 1,747-сі жарияланды.
ЕҰУ ұсынылған пәндердің жалпы санында оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда, бұл биылғы жылы 21-ге дейін өсті. Салыстыру үшін айта кетейік, 3 жыл бұрын олардың тек 11 пәні болған, яғни көрсеткіш екі есеге өскен. Биыл ЕҰУ 17 пән және 4 пәндік бағыт бойынша ұсынылды.
Рейтинг келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, дәйексөздер, Һ-индексі, халықаралық зерттеу желісі.