Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанға 29 мың адам көшіп келген

Қазақстанға 29 мың адам көшіп келген

Былтыр елімізге тұрақты тұруға 29 282 адам келген, ал шетелге 12 732 қазақстандық көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінен белгілі болды.

2023 жылға қарағанда Қазақстанға келгендер саны 15,3%-ға артқан. Ал сыртқа көшіп кеткендер саны 20,9 пайызға азайған.

Республикаға қоныс аударғандардың дені ТМД елдерінен келген (81,6%). Сондай-ақ Қытай, Моңғолия және Түркиядан көшіп келгендер де көп. Олар негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын тұрақты тұратын мекені ретінде таңдаған.

Отандастарымыз көршілес елдерге, Германия, Польша және АҚШ-қа көшіп кеткен. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 2 133 адам, Қарағанды облысынан – 1 588 адам, ал Шығыс Қазақстан өңірінен 1 195 адам жыраққа қоныс аударған.


Фото: ulysmedia.kz