Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы жүретін автокөлік жолы салынады

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатынына тоқталды.
«Мен Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба», - деді Президент.
Мемлекет басшысы, бұдан бөлек Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн екенін атап өтті.
«Бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады. Сондай-ақ орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді», - деді Президент.
Фото: sputnik.kz