Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым қарсыласын ойсырата жеңді. Осылайша Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы болды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын түсті. Назым финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. 48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңді.
Назым бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионатының алтын медалін иеленген болатын.