Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.

Нұрлан Жақыповтың баяндауынша 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған. Компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Президент ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беруді тапсырды.