Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстанда атом саласын дамыту және ядролық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Жаңа ведомство ел Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.


Агенттіктің міндеттері:

  • Уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану;
  • Атом энергиясын пайдалану және қауіпсіздік шаралары;
  • Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Семей ядролық қауіпсіздік аймағының қызметін ұйымдастыру;

Агенттік жоғарыда аталған салалар бойынша Энергетика министрлігінен өкілеттіктерді қабылдайды. Сонымен қатар жаңа құрылым министрліктің құқықтық мирасқоры болып есептеледі.

Бұл өзгерістер Қазақстанның атом саласындағы басқару жүйесін жетілдіру және ядролық қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасалып отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.