Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда.

Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады.

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.


Фото: gov.kz