Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Өскемендегі  Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді.

Медицина мекемесінде 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған. Жобаның жалпы құны 71,3 млрд теңге.

Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылмақ.

Жаңа орталық науқастарды емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.