Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенатор құмай тазысын шетелге шығаруға тыйым салуды ұсынды

Сенатор құмай тазысын шетелге шығаруға тыйым салуды ұсынды

Қазақ тазысының шетелге бақылаусыз шығарылуына тыйым салу керек. Сенатор Бибігүл Жексенбай бүгінгі Парламент жоғарғы палатасының отырысында осылай деді.

Ол Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында тұқымның генофондын қорғау мәселесін де қозғады.

Қазақстанда 3 қыркүйек тазы мен төбет күні деп белгіленген. Сенатор республикада аң аулау алғашқы қалың қар түскен кезде – қансонарда басталатынын тілге тиек етті. Осыған сәйкес атаулы күнді  дәстүрлі аңшылық маусымының ресми ашылуымен байланыстыра отырып, қарашаның бірінші аптасына ауыстыру бастамасы да көтерілді.

Бұдан бөлек жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы негізінде толықметражды көркем фильм түсіруді де қарастырған жөн, дейді депутат.


Фото: turkystan.kz