Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстауда аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады

Маңғыстауда аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады

Қазақстанда Инвестициялар туралы жасалған келісім шеңберінде аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

«Жобаны QazaqGaz және ESTA бірлескен кәсіпорны — «Qazesta Fertilizers LTD» компаниясы базасында іске асыру жоспарлануда. Зауыттың орны ретінде Маңғыстау облысы таңдалды, бұл өнімдерді Каспий теңізі арқылы экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Esta Construction әлемдегі ең үздік 100 құрылыс компаниясының қатарына кіреді», - делінген Үкімет хабарламасында.

Жоба құны -  $1,35 млрд. Құрылысты үш жарым жылда аяқтау жоспарланып отыр. Іске асыру кезеңінде 3 мыңға дейін адам тартылып, құрылыс аяқталғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 700 мың тоннаға дейін карбамидті және 42 мың тонна аммиакты құрайды.


Фото: o-sk.kz