Наурыз мейрамына орай туристік пойыздар жолға шықты

Наурыз мейрамында 450-ден астам жолаушы «Jibek Joly» және «Keruen Express» туристік пойыздарымен саяхатқа шықты. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл бағыттар Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи орындарын аралап, Наурыз мерекесінің ерекше көктемгі атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.
«Jibek Joly» туристік пойызы Алматыдан жолға шығып, «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағыты бойынша қозғалады. Сапар ұзақтығы – 6 күн, 20-25 наурыз аралығында өтеді.
«Keruen Express» пойызы да Алматыдан шығып, «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы» бағытымен жүреді, бұл сапар 5 күнге созылады - 21-25 наурыз аралығында.