Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

Бүгіннен бастап жаңа ереже күшіне енді. Мобильді құрылғылар үш санатқа жіктеледі. Заңды түрде тіркелгендері - ақ, күмәнділері - сұр, ал елге заңсыз әкелінген немесе ұрланған байланыс құралдары қара тізімге енеді.
Мамандардың дерегінше, Қазақстанда 3,7 млн телефонның IMEI коды қайталанады. Ал мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева заңсыз әкелінген құрылғылардан мемлекет былтыр 100 млрд теңге көлемінде салық жоғалтқанын айтты. Мұның алдын алу үшін бүгіннен бастап жаңа ереже күшіне енді.
Фото: zakon.kz