Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Осы аптада берешегіңізді өтемесеңіз, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл қосылады. Көлік иелерін электронды түрде ақпараттандыру биыл наурыздың 12-сінен басталған.

Жалпы Алматы қаласында 456 мың тұрғынның атына 764 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Тиісінше, салықтың жалпы сомасы 20 млрд-тан 22 млрд теңгеге дейін өсті. Алайда берешегін беруден жалтарып жүргендер де жоқ емес. Бір ғана Алматының өзінде 60 мың адам міндетті төлемін төлеуге құлықсыз көрінеді. Борышкерлердің жалпы қарызы 3 млрд теңгеге жуықтайды. Оларға жаза да қатаң.

Әртүрлі себеппен салықтан жалтарып жүргендердің басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана мен Шымкент қаласының тұрғындары екен. Айта кетейік, 1 сәуірге дейін былтырғы көлік салығын төлеу қажет.


Фото: inbusiness.kz