Биыл өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанда 330 млрд теңгеге өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 25 жоба іске асырылып жатқанын хабарлады.
Ол 133 млрд теңге сомасына 8 жоба енгізілгенін атап өтті. Биыл 110 млрд теңге сомасына 7 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда.
«Сынықтарды, пластмассаларды, шыныларды және басқа да өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іске асырылып жатқан жобалар қалдықтарды тұрақты басқару, экологияны жақсарту және саланың экономикалық тиімділігін арттыру үшін негіз болады», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Фото: baq.kz