Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qazradio.fm.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі  28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Жамбыл облысының аумағында орналасқан.

Зілзала дүмпуі  Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде сезілді. Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай, Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.

ТЖМ-ның хабарлауынша, әзірге зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.

ҚР ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды: +7 7172 55-96-21, + 7 262 51-35-75

Фото: pixabay.com