Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Чемпионат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өтті. Онда 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып оқушыс Әлімжан Жауынбай үздік нәтиже көрсетті.
44 елден келген 470 шахматшы арасында Қазақстан командалық есепте 1-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы. Біздің жас дарындарымыз 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
2025 жылғы әлем чемпиондары:
Абдул-Малик Қайрат (U7, Астана)
Алиша Бисалиева (G9, Астана)
Әлімжан Жауынбай (U11, Астана)
Артем Богданов (U17, Алматы)