Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құраманың бозкілем шеберлері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды.
- Нұрқожа Қайпанов (алтын)
- Болат Сақаев (күміс)
- Ризабек Айтмұхан (күміс)
- Азамат Дәулетбеков (қола)
- Рахат Қалжан (қола)
Осылайша, Мадияр Құрамысов баптайтын команда 1 алтын, 2 күміс, 2 қоламен жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді.