Атырауда «Силлено» полиэтилен зауытының құрылысы басталды

Атырау облысында «Силлено» полиэтилен зауытының құрылысы басталды. Өндіріс орнының алғашқы қазығы бүгін салтанатты түрде қағылды. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыста мұнай-газ-химия кластерін дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асуда.
Мұнай газ-химия саласындағы ең ірі жобаның арқасында Қазақстанның импортқа тәуелдігі азаяды. $7 млрд-тан астам инвестиция салынған, жылдық қуаты – 1,25 млн тонна. Құрылысы 2028 жылы аяқталып, 2029 жылы іске қосылады. Зауыт Қазақстанның полиэтилен импортының 90%-ын алмастырады.
Құрылыс кезеңінде 8000, іске қосылған соң 800 жұмыс орны ашылады.