Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Атырау" футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті

Атырау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде "Атырау" футбол клубы қайта мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жазды.


Басқарманың хабарлауынша, шешім басқару бойынша тиімділікті арттыруға, қаржылық ашықтыққа және аймақтың спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

2018 жылғы ақпан айынан бастап клуб "Атырау" кәсіпқой спорт клубы" қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда кейінгі жылдары оның қызметінде бірқатар жүйелі проблема болды: басшылық құрамы жиі ауысты, спорттық нәтижелер тұрақсыз болды, бюджет ашық емес еді және сенімді есеп те болмаған.

Мемлекет меншігіне қайтарудың негізгі факторларының біріне шетелдік ойыншылар санының күрт артуы себеп болған, соның кесірінен ішкі кадрлар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбеген.

Енді мемлекет басқаруымен клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарланып отыр. Ведомство негізгі бағыттар: басқару тұрақтылығын қамтамасыз ету, ашықтықты арттыру, жасөспірімдер футболын қолдау және ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыру болатынын атап өтті.


Фото: baq.kz