Елімізде төрт жаңа су қоймасы салынады

Жалпы Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген.
Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады. «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыруға Ислам даму банкінің грантын бөлу көзделген. Қазіргі уақытта барлық қажетті құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жүргізіліп жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұл бастама еліміздің су саласын дамытуға тың серпін береді.
Фото: egemen.kz