Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада 60-тан астам көше жөндеуден өтеді

Астанада 60-тан астам көше жөндеуден өтеді

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елдімекендердегі көшелер жөндеу жұмысы басталды.

Сонымен қатар Алаш тасжолының 69-көшеден 191-көшеге дейін, Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылынан 128-көшеге дейін, Керей Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Мұртаза көшесіне дейін және т.б. жолдар жөнделуде.

Биыл ұзындығы 14,7 км болатын 43 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. 8 жоба бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады. 28 жоба әрі қарай жалғасады, тағы 7 нысанның жұмысы басталады, оның ішінде:

▫️ Қ.Қайсенов көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін;
▫️ Бұқар жырау көшесі Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейін;
▫️ Рысқұлов көшесі Мәңгілік ел даңғылынан Нұра-Есіл арнасына дейін;
▫️ Тәуелсіздік даңғылы Қабанбай батыр даңғылы жағынан және т.б.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесінің қиылысында екі деңгейлі көлік айрығын салу жобасы жүзеге асып жатыр.


Фото: gov.kz