Зейнолла Сәніктің туғанына 90 жыл толуына орай байқау өтеді

2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде (218 аудитория) жазушы, баспагер, редактор, этнограф Зейнолла Сәніктің туғанына 90 жыл толуына орай дәстүрлі «Сәнік оқулары» аясында студенттер мен магистранттар арасында республикалық байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, шығармашылық ойы мен жаңа идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.
Байқаудың міндеті – жазушы, баспагер, редактор, этнограф Зейнолла Сәніктің әдебиетті, баспа ісін дамытуға қосқан ерекше үлесін өскелең ұрпаққа таныстыру, адамгершілігі мен парасатын ғылыми ортаға, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.
Байқаудың номинациялары:
- Үздік ғылыми жұмыс;
- Үздік баспасөз материалы;
- Дизайн өнерінің үздік туындысы;
- Үздік деректі фильм
Іс-шара аясында Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті.
тел.: +7707-766-16-53, +77476354596