Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өрт қауіпсіздігіне спутниктен мониторинг жүргізетін жүйе жетілдіріледі

Өрт қауіпсіздігіне спутниктен мониторинг жүргізетін жүйе жетілдіріледі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында өрт қауіпсіздігіне спутниктен мониторинг жүргізетін жүйе жетілдірілетінін айтты.

— Табиғи өрттердің туындау қаупінің алдын алу үшін министрлік өрт қауіптілік класы мен өрт қауіптілік индексін көрсететін карта әзірледі. Аталған карта mchs.gharysh.kz геоақпараттық жүйесінде және Tabigat.gov.kz ақпараттық жүйесінде қолжетімді. Бұл тәсіл жерүсті метеостанциялары мен Жерді қашықтан зондтау спутниктік деректерін біріктіреді. Нәтижесінде бүкіл ел аумағы қамтылып, болжам дәлдігі артады, — деді ол.

Сондай-ақ, цифрлық технологиялардың көмегімен өрт болуы мүмкін жердегі ең ыстық нүктелерді бақылау арқылы өрт қауіпсіздігінің беталысы болжау тәсілі сынақтан өтіп жатыр.

Температурасы қалыптан тыс жоғары аймақтар спутник арқылы тіркеліп, жерүсті станциясына беріледі және 2–4 сағат ішінде картада көрсетіледі. Қазіргі таңда Экология және Төтенше жағдайлар министрліктері бұл карталарға mchs.gharysh.kz геоақпараттық жүйесінде және Tabigat.gov.kz ақпараттық жүйесінде қол жеткізіп отыр. Көрсету уақытын 30 минутқа дейін қысқарту үшін шілде айында жерүсті станциясын жаңғырту жоспарлануда, — деді Жаслан Мәдиев.


Фото: inform.kz