Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді зейнетақы жинаған балалардың еміне жұмсауға болады

Енді зейнетақы жинаған балалардың еміне жұмсауға болады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті өзгерістерге қол қойды. Соған сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі қажет соманы зейнетақы қорынан сұратып алуы қажет.

Біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өтіп, жеке кабинет ашып, онда электрондық өтініш толтырылады.

Өтініште сомасы мен қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алушы немесе оның заңды өкілі қалаған медициналық ұйымды таңдай алады.

Құжатта стоматологиялық қызметтерге қатысты талаптар да нақты көрсетілген. Атап айтқанда, медициналық ұйым азаматқа дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын ем басталғанға дейін және ем барысында электронды не қағаз нұсқада ұсынуға міндетті.


Фото: inbusiness.kz