Алматыда «SIM KIDS» пилоттық жобасы іске қосылды

Жаңа жоба суицидті, порнографияны, есірткіні, онлайн-казиноны және басқа да интернет арқылы келетін қауіпті насихаттаудан қорғауға бағытталған. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Сим-карта ата-аналарға баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ баланың ұялы телефоны үнсіз режимде болса да оған қоңырау шала алады.
Сынақ мерзімі аяқталған соң «SIM KIDS» барлығына қолжетімді болады.
Фото: sputnik.kz