Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қонаев қаласында жаңғыртылған кітапхана ашылды

Қонаев қаласында жаңғыртылған кітапхана ашылды

Қонаев қаласында жаңғыртудан өткен қалалық кітапхана пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталып, бір мезетте жүз адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда жоғары жылдамдықты интернет, коворкинг аймақтар, шығармашылық кеңістіктер мен заманауи әдебиеттер қоры қарастырылған.

Бұл бастама ғимаратты жаңғыртып қана қоймай білімге, оқуға және дамуға жетелейтін заманауи мәдени ортаны қалыптастырады.  Биыл жаңғырту жұмыстары Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы және Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы кітапханаларда да жүргізіледі.

Айта кетейік, республикадағы көпшілікке қолжетімді кітапханаларды жаңғыртудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында Батыс Қазақстан, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан облыстарында барлығы 4 кітапхана салу жоспарланған.