Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 3400 жастың өтініші мақұлданды

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 3400 жастың өтініші мақұлданды

Құжат қабылдау биыл 14-26 наурыз аралығында өтті. Барлығы 6600-ден аса өтінім түскен.

Іріктеуден өткен 3400-ден аса қатысушы банкке жолдама алды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, жұмыс істейтін жастар, республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен басқа да саланың мамандары бар.

▫️Ең жоғарғы несие сома – 20 млн теңгеге дейін;
▫️Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%;
▫️Бастапқы жарна – 10%-дан аспайды.

Төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда қатысушылар 45 күн ішінде жаңа немесе нарықтағы екінші деңгейлі тұрғын үйді таңдай алады.


Фото: 7kun.kz