Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Руслан Жақсылықов Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысымен кездесті

Руслан Жақсылықов Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысымен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Астанаға ресми сапармен келген Пәкістан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Сайед Асим Мунирмен келіссөздер жүргізді.

Бұл соңғы он жылдағы осындай деңгейдегі алғашқы кездесу және бұл екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.
Тараптар бітімгерлік қызметті, әскери-техникалық ынтымақтастықты, медициналық қамтамасыз етуді, жауынгерлік даярлықты және арнайы операциялар күштерін оқытумен қатар, екіжақты өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарын талқылады. Қазақстан бітімгерлік жөніндегі халықаралық келісімге қол қоюға дайын екенін білдіріп, оның әріптестікті нығайтуға маңызды қадам болатынын атап өтті.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Пәкістанның бірқатар әскери салаларда айтарлықтай тәжірибесі барын және Қазақстанның білім мен тәжірибе алмасуды дамытуға мүдделі екенін айтты.
Өз кезегінде генерал Сайед Асим Мунир жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан тарапы келісілген барлық бағыттар бойынша ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.
Сапар қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.