Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2028 жылға қарай Қазақстанда машина жасау көлемі 4,5 есеге артады

2028 жылға қарай Қазақстанда машина жасау көлемі 4,5 есеге артады

Астанада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының XII форумына 20 елден 1500-ден астам қатысушы жиналды.

Аустрия, Бразилия, Германия, Италия, Қытай, Түркия, Ресей және басқа да елдердің өкілдері екі күн бойы саладағы өзекті мәселелерді, қазақстандық машина жасау саласының келешегін және жаңа мүмкіндіктерді талқылайды.

Қазақстан машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың айтуынша, Президент тапсырмасымен 2024-2028 жылдарға арналған машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Құжатқа сәйкес, өндіріс көлемі 4,5 есеге, экспорт – 3 есеге, еңбек өнімділігі – 2 есеге, инвестиция көлемі – 1,5 есеге артуы керек.

Форумда Машина жасау саласын дамыту Мемлекет басшысының жеке бақылауында екені айтылды. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданып, Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды. 2023 жылы Үкімет Машина жасаушылар одағы ұсынған бірқатар бастаманы қолдады.

М. Пішембаевтың айтуынша, геосаяси сын-қатерлер жағдайында ішкі өндірістік тізбектер мен экспорттық бағыттарды дамыту, жаһандық нарық талаптарына бейімделу аса маңызды.

Бүгінде Қазақстан жоғары технологиялы өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беріп отыр. Алғаш рет оның ЖІӨ-дегі үлесі тау-кен секторынан 4,6%-ға асып түсті. Сонымен бірге, өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы машина жасаудың үлесі 20%-ға жетті.

Айта кетейік, Президент 2029 жылға дейін еліміздің жалпы ішкі өнімін 450 миллиард долларға дейін жеткізу және өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру міндетін қойған еді.

Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы 24-25 сәуір күндері Астанада өтеді. Форум отандық машина жасау саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар мен практикалық ұсынымдар әзірлеуді көздейді.


Дереккөз: kaz.inform.kz