Астанада Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа онкоорталық ашылды

Елордада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту стратегиясы аясында іске қосылды.
Жаңа орталық науқастар үшін барлық жайлылықты қамтамасыз ету үшін салынған. Көпжылдық кешенді еңбектің нәтижесі және заманауи инженерлік пен медициналық шешімдердің нақты үлгісі деп айтуға болады.
60 мың шаршы метрден тұратын аумақта орналасқан аурухана 210 төсек-орынға есептелген. Сонымен қатар күніне 500 науқасты қабылдай алатын заманауи емханамен қамтылған.
Орталыққа әлемдік жетекші медициналық жабдық өндірушілердің бұйымдары жеткізілген. Осылайша, Орталық Азияда алғаш рет сәулелік, радионуклидтік және протондық терапияны біріктіретін біртұтас платформа құрылып отыр.
Бұл жаңа орталық 2019 жылы Мемлекет басшысының шешімімен салу жұмыстары басталды. 2024 жылдың желтоқсан айында орталыққа көшіп, науқастарға медициналық көмек көрсетуді бастадық. Бұл орталық 210 төсек-орынға арналған.
Тағы бір жаңалық – ауруханада дәрігерлерге жұмысты үйлестіруге жасанды интеллект көмекке келеді.