Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сауд Арабиясы қажылық кезінде Меккеге кіруге жаңа шектеулер енгізді

Сауд Арабиясы қажылық кезінде Меккеге кіруге жаңа шектеулер енгізді

Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап қажылық маусымында Мекке мен Мединеге кіруге қатаң шектеу енгізді. Бұл тыйым 10 маусымға дейін, яғни қажылық аяқталғанға дейін жалғасады.

Енді қасиетті орындарға тек арнайы қажылық визасы бар адамдар ғана кіре алады. Елдің Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, рұқсатсыз қажылық жасауға тырысқандарға немесе визаның басқа түрімен Меккеге кірмек болғандарға 20 мың сауд риалына (шамамен 5,3 мың АҚШ доллары) дейін айыппұл салынады.

Сонымен қатар рұқсатсыз қажылық жасауға көмектескен немесе ондай адамдарға виза рәсімдегендерге 100 мың риалға дейін (26 мың АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

Меккеге заңсыз кірмек болған шетелдіктер елден депортацияланып, Сауд Арабиясына 10 жылға дейін кіруге тыйым салынады. Ал қажылық рұқсаты жоқ адамдарды Меккеге жеткізген көліктер тәркіленіп, иелері сотқа тартылады.

Туризм министрлігі қажылық маусымында Меккедегі қонақ үйлер мен жатын орындарға қажылық рұқсаты жоқ адамдарды орналастыруға қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді.


Фото: inform.kz