Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 4500-ге жуық әскери қатысады

Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды парадқа қызу дайындық жүріп жатыр.
Жоспарға сай парадты жаяу әскери бөлімшелер бастап шығады. Одан кейін тарихи және заманауи техника жүріп өтеді. Барлығы 4500-ге жуық әскери қызметкер мен 300 техника сап түзейді. Салтанатты шарада 66 әуе кемесінің әлеуеті көрсетіледі.
Айта кетейік, әскери парад 7 мамыр күні Астанада өтеді.
Фото: Қорғаныс министрлігі